
Токишовна Жазира Муратбекова 1975 жылы 2 наурызда Алматы облысы, Андреев ауданы, Фурманов ауылында дүниеге келген.
1981 жылы Фурманов атындағы мектептің бірінші класына қабылданып, 1992 жылы 11 сыныпты бітірген. 1992 жылы сырттай Талдықорған қаласы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік педагогикалық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі бөліміне түсіп, Шынжылы орталау мектебіне қазақ тілі мұғалімі болып еңбек жолын бастаған.1995 жылы Үшқайың орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып ауысты. 2002 жылы Қабанбай ауылындағы №2 “Қуаныш” бөбекжай-балабақшасына тәрбиеші болып жұмысқа орналасты. 2008 жылы балабақша әдіскері қызметіне ауысты. 2011 жылы Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық -заң университетіне түсті. 2015 жылы балабақша педагог-психологі қызметіне ауысты. 2016 жылы балабақша қазақ тілі маманы қызметіне ауысты. 2023 жылы қаңтар айынан бастап өз жұмысына қосымша әдіскер қызметін атқарды.
Қазіргі уақытта 2023 жылдың шілде айынан бастап №2 “Қуаныш” бөбекжай-балабақшасында меңгеруші қызметін уақытша атқарушы қызметіне ауысып, аталған жылдың қазан айынан бастап №2 “Қуаныш” бөбекжай-балабақшасына меңгеруші болып тағайындалды.
Жазира Токишовна 28 жыл педагогикалық еңбек өтілі бар педагог-сарапшы, бірінші санаттағы білікті маман. Осы педагогикалық салада жұмыс істеп жүрген уақыттарында көптеген жетістіктерге жетті. Ауданды, облыстық семинарларда өз іс-тәжірибелерін көрсетіп, балабақша педагогтарының “Ел тілегі — білімді ұрпақ” кітабына өз іс-тәжірибесін енгізді. 2011 жылы балабақша педагогтарымен бірлесіп Республика көлемінде үш топқа арнап «Кел, балалар оқылық» хрестоматиясын құрастырып шығарды.
Республикалық, аудандық ақпарат құралдарына өз іс-тәжірибелерін жариялап тұрады. Және де облыстық, аудандық құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталып отырды.