БІЗ ТУРАЛЫ

№2 «Қуаныш» бөбекжай-балабақшасы жайлы мәлімет

Жетісу облысы білім басқармасының  Алакөл ауданы  бойынша  білім бөлімі мемлекеттік мекемесі «№2  «Қуаныш» бөбекжай-балабақшасы»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі Муратбекова Жазира Токишовна

Жетісу облысы Қабанбай ауылындағы  №2 «Қуаныш» бөбекжай-балабақшасы 2002 жылы 6 топтық, 70 балаға арналып ашылған.   Ал, 2010  жылы бұрыңғы  «Балбөбек» балабақшасының ғимараты күрделі жөндеуден өтіп  №2 «Қуаныш» бөбекжай-балабақшасы үлкен ғимаратқа көшірілді. Балабақша 6 топтық, 140 бала арналып ашылды.  Балабақша мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін қолайлы және қауіпсіз білім беру жағдайларын жасау, балалардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларды, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруды басты бағытқа ала отырып оқу-тәрбие жұмыстарында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын негізге ала отырып ұйымдастырады.     

Балабақшада балаларды жан-жақты тәрбиелеуде әр түрлі мамандар бар. Атап айтатын болсақ: музыкант, дефектолог, логопед, психолог, тіл маманы, дене шынықтыру маманы, хореограф, медбике.       

        №2 «Қуаныш» бөбекжай-балабақшасын алғаш білімді педагог, іскер басшы Қазақстан Республикасының Білім беру үздігі, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Құрмет грамотасының иегері, Алакөл ауданының құрметті азаматы Арзабаева Телеухан Төлепбергенқызы 2002 жылдан 2016 жылға дейін басқарды.

№2 «Қуаныш» бөбекжай-балабақшасын 2016 жылдан 2022 жылға дейін Сатыбалдинова Ардақ Ерболатовна басқарды.

 №2 «Қуаныш» бөбекжай-балабақшасын 2022 жылдың қараша айынан бастап  2023 жылдың тамыз айына дейін Токбулатова Лязат Интыбековна басқарды.

 №2 «Қуаныш» бөбекжай-балабақшасын 2023 жылдың шілде айынан Муратбекова Жазира Токишовна басқарып келеді.

Қазіргі уақытта балабақшада 40 қызметкер жұмыс жасайды. Оның ішінде

 16 педагог, 24 кіші қызметкер.

Педагогтердің ішінде педагог-зерттеуші — 2 педагог, педагог сарапшы — 3 педагог, педагог модератор — 9 педагог, санаты жоқ-4 педагог бар.

Қазіргі таңда №2 “Қуаныш” бөбекжай-балабақшасының алдына қойған мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытуда инновациялық технология элементтерін ойын арқылы қолдану.   Балабақшада мектеп жасына дейінгі  балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін қолайлы және қауіпсіз білім беру жағдайларын жасауда ойын түрлерін қолдану арқылы балалардың  өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру.                           

          Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда зейінін тұрақтандырып, шығармашылық және логикалық ойлауға, есте сақтау, сөйлеу қабілетін, қиялын қалыптастыруда сандық технологияларды пайдалана отырып  балалардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік және дағдылары қалыптастыру.

       Ұлттық салт-дәстүрлерге, патриотизм мен толеранттылыққа қалыптастыру арқылы мектеп жасына  дейінгі балаларды жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білімі мен дағдылары, рухани — адамгершілік құндылықтары қалыптастырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:

—  балалардың, ата-аналар мен педагогтердің бірлескен шығармашылығын  түрлендіру;

  •  балаларды тәрбиелеу мен оқытуда инновациялық технологияларды, әдістер мен тәсілдерді тиімді қолдану;
  • балалар әрекетін ұйымдастыру үшін топтарда бала жасына сай жайлы дамытушы заттық- кеңістіктік орта құру;                                                    
  • -балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметттік нормаларға баулу;
  • қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын қалыптастыру, балабақша балаларының өмірі мен денсаулығын сақтау.

Балабақша жетістіктері:

-2004ж. Құрмет грамотасы. Алматы облысы мамандар кәсібін дамыту институты

-2007 ж Облыстық «Үздік балабақша» байқауы І-ші дәрежелі дипломы.          -2009ж. Облыстық семинар тақырыбы: “Мектепке дейінгі мекемелерде “Балбөбек” бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізу”

— 2011 ж Облыстық «Үздік балабақша»  І-ші дәрежелі дипломы.                                                                      

-2011ж. Республикалық  «Үздік балабақша» ІІІ-ші дәрежелі дипломы

  -2011 ж. Республика көлемінде үш топқа арнап құрастырған «Кел, балалар оқылық» хрестоматиялар жинағы жарық көрді. Жинақ авторлары:

 Т.Т. Арзабаева, Ж.Т. Муратбекова, Ш.Г. Өкпебаева, Т.А.Мухамадиева, Е.Айыпхан.

-2012 ж. “Жыл ұжымы” Ауыл әкімі

-2018ж. Аудандық “Үздік балабақша-2018”   І-орын

 — 2018ж. Облыстық «Таңдаулы балабақша — 2018» байқауы  ІІІ-орын.

— 2018ж. Құрмет грамотасы. Облыстық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты.

-2019ж. Аудандық “Үздік балабақша” ІІІ-орын

-2019ж. Аудандық жыл қорытындысы рейтингісінде ІІІ-орын.

-2019ж. Аудандық “Мектепке дейінгі ұйымның үздік жоспары” І-орын.

-2023ж. Алғыс хат. Министр Ғани Бейсембаев