
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕСТЕР.
🔊 «Баланың балабақшаға бейімделуі» ата-аналарға арналған кеңестерБалабақшаға бейімделу кезеңі бала мен анаға аса ауыр тимеуі үшін, баланың да, оның ата-анасының да балабақшаны ұнатуына көмектесетін қарапайым ережелерді басшылыққа алған жөн.✅ Балабақшаға берерден бұрын сәбиіңізді
балабақшамен таныстырыңыз.✅ Баланы ақырындап балабақшада болатын жаңа тәртіпке үйрете беріңіз. Бұл тамақтануға да қатысты.✅ Баланың ұжымға жылдам сіңісуі үшін, оның қарым-қатынас жасауға бейімділікті дамытуына кемектесіңіз.✅ Балаға балабақшаның не ушін керек екенін, сәбилердің онда не үшін баратынын әңгімелеп беріңіз.✅ Әкесі мен анасының жұмысқа, ал балалардың балабақшаға баратынын түсіндіріңіз.✅ Баланың көзінше ешқашан балабақша туралы жағымсыз пікір айтпаңыз, жане, ең бастысы, оны балабақшамен қорқытпаңыз.✅ Әрдайым қасында екеніңізді және мейлінше жақсы көретініңізді бала қашықта жүрсе де сезінуі үшін, үнемі жылы сөз айтыңыз бұл оның көңіліне медеу болады.✅ Баланы балабақшаға дайындауға көбірек уақыт бөлсеңіз, оның жаңа өмірге бейімделуі оңай болады.
https://www.instagram.com/p/C_NzlL8CaPo/?igsh=MTNneTNuem8wc2Y0bQ==
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДНАМАЛАР.
Қазіргі заманда ата-аналармен жұмыс жасаудың ең тиімді әдіс ерінің бірі жадынама тарату. Бұл ата-аналардың уақытын үнемдейді әрі балабақша туралы мол ақпарат алуға жол ашады. Сондықтан да жадынама тарату арқылы ата-аналармен жақсы қарым-қатынас орнайды.
https://www.instagram.com/reel/DGC0eF5CsNF/?igsh=MWNxMGU1aGhiY2xlaA==